344

Петропавлдық ер адам әйелін жылдар бойы қорлап, мүгедек етті

Ерлі-зайыптының бес баласы бар екені белгілі болды.

Петропавлдық ер адам әйелін жылдар бойы қорлап, мүгедек етті
freepik.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавлда бес баланың анасы ұзақ жыл бойы күйеуінің жүйелі тұрмыстық зорлығына ұшырап, мүгедек болды.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, әйелге бірнеше рет ота жасалған, оның ішінде ішкі ағзаларына операция және бас сүйегіне трепанация жүргізілген. Кейін аяқтары істен шығып, қозғала алмай қалған.

Әйелдің күйеуі жұмыс істемейтін, ал әлеуметтік төлемдерді өз атынан басқаратын болып шыққан. Балалары әкесімен қалған.

Сол хабарламалардан кейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп, әйелдің жағдайын анықтау үшін арнайы топ жіберді. Полиция қызметкерлері мен бала құқығын қорғау органдары отбасының тұрмыс жағдайын тексеріп, көршілерді сұрап, әйелдің орналасқан жерін анықтады.

Әйел күйеуіне қарсы арыз жазып, құқық қорғау органдарына жолдады. Күдікті әкімшілік іс бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір бес баланың жасы 4-тен 17-ге дейінгі аралықта, барлығы ананың қамқорлығына берілді. Полиция қосымша тексерулерден кейін іс бойынша соңғы шешім шығарады.

Полиция азаматтарды осындай зорлық фактілерін 102 нөміріне хабарлауға, ал әйелдер мен балаларға қатысты зорлық жағдайлары үшін 111 республикалық сенім телефоны арқылы хабарласуға шақырады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор