СІМ Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген екі қазақстандықтың ісіне қатысты түсінік берді

10.04.2023, 17:52
479
СІМ Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген екі қазақстандықтың ісіне қатысты түсінік берді Smartnews.kz

Қазір Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген жерлестеріміз тергеу изоляторында қамауда отыр. Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдары және ұсталған қазақстандықтардың туыстарымен тұрақты байланыста. Толығырақ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«2023 жылғы 24 наурызда Инчхон әуежайында паспорттық бақылау өту барысында Ташкенттен келген 2 Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяға кіруге бас тартылды. Олар депортациялауды күту үшін арнайы бөлмеге орналастырылған. Алайда отандастарымыз түнде қашып, Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірген. 26 наурызда бір Қазақстан азаматы ұсталды, ал 29 наурызда екінші қазақстандық кінәсін мойындап, полицияға өз еркімен берілді»,- деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингіде.

Оның айтуынша, қазір жерлестеріміз Инчхон қаласында көші-қон орталығындағы тергеу изоляторында қамауда отыр.

«Оңтүстік Корея елінің заңнамасына сәйкес, тергеу шаралары 3 айға дейін созылуы мүмкін. Тергеу мүддесі үшін Оңтүстік Кореяның құзыретті органдары істің егжей-тегжейін ашпай отыр», - дейді ол.

Сондай-ақ, СІМ ресми өкілі Корея Республикасы аумағына заңсыз кірген отандастарымызға бірнеше айыптың тағылып отырғанын айтты.

«Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдары және ұсталған қазақстандықтардың туыстарымен тұрақты байланыста. Естеріңізге сала кетейік, Корея Республикасында жұмыс беруші рәсімдейтін арнайы рұқсат пен визаның болуы негізінде ғана жұмыс істеуге болады. Жұмысқа тұрудың басқа жолдары заңсыз екенін ескертеміз», - дейді СІМ ресми өкілі.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды