Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде боран, тұман мен көктайғақ болады
Бірнеше өңірге дауылды ескерту жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 қараша күні елдің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды. Синоптиктердің болжамынша, бірқатар облыстарда қар, жаңбыр, жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман байқалады.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күшейіп, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Жетісу және Алматы облыстарында таулы аудандарда жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын болжанған.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ пен тұман түсуі мүмкін, желдің күші 15-20 м/с дейін барады.
Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысында 13-15 қараша аралығында таулы аудандарда тұман сақталады.
Материал авторы