Ақмолада сотталғандар мүлде әрекетке қабілетсіздердің қамқоршылары боп шықты
Психикалық ауруы барлар мен сотталғандар қамқоршы боп тіркелген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында кейбір өкілетті органдар бұрынғы сотталған және психикалық ауруы бар азаматтарды мүлде әрекетке қабілетсіз адамдардың қамқоршылары ретінде тағайындағаны анықталды.
Прокуратура мәліметінше, бір жағдайда бұрын адам өлтіру үшін сотталған азамат екі мүлде әрекетке қабілетсіз адамға қамқоршы болып тағайындалған. Басқа жағдайда шизофрения диагнозы бар азамат мүлде әрекетке қабілетсіз тұлғаға қамқоршылық алған.
Сонымен қатар, өкілетті органдар мүлде әрекетке қабілетсіз адамдарды есептен шығару шараларын жүзеге асырмаған. Нәтижесінде, облыста 28 қайтыс болған адам әлі күнге дейін “мүлде әрекетке қабілетсіз” деп есепте тұрған.
Прокурорлық шаралардың нәтижесінде сотталған қамқоршылар мен психикалық ауытқуы бар тұлғалар міндеттерінен алынып тасталды. Есепке алынған мәліметтер түзетілді, кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылды.
Материал авторы