SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект пен цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Заңға енгізілген түзетулер екі негізгі блокқа бөлінген. Бірінші блок — заңнамалық актілерді «Жасанды интеллект туралы» Заңмен үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған. Екінші блок — цифрлық және құқықтық ортадағы басқа да мәселелерді реттеуге арналған.
Енді қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымы тек «Астана» Халықаралық қаржы орталығының аумағымен шектелмей, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырылуы мүмкін.
Жеке деректерді қорғау шаралары күшейтілді. Жеке деректерді жинауға немесе өңдеуге келісім беру мерзімі тек мақсатты орындау үшін қажетті уақытпен шектеледі. Субъект немесе оның заңды өкілі келісімді қайтарып алуға құқылы, ал оператор, үшінші тараптар осы туралы хабардар етілуі тиіс.
Ішкі бөлшек саудада тауарларды таңбалау механизмі жетілдіріліп, операцияларды бақылау-касса машиналары арқылы есепке алу міндетті болып отыр.
Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары күшейтілді. Заң мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.
RUS