367

Ақтөбеде әйелімен жанжалдан кейін аялдаманы тепкілеп қиратқан ер адам ұсталды

Ер адам кінәсін мойындап, жазадан жалтармайтынын айтты.

Ақтөбеде әйелімен жанжалдан кейін аялдаманы тепкілеп қиратқан ер адам ұсталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде ер адам аялдаманы қиратқаны үшін полицияға жеткізілген. Әлеуметтік желіде тараған видеода оның аялдама павильонының пластик қабырғасын тепкілеп сындырған сәті анық көрінеді. Оқиға 16 қараша күні Жалаңтөс батыр даңғылында болған.

Полиция мәліметінше, бұл – әкімшілік құқықбұзушылық. Тәртіп сақшылары күдіктінің кім екенін дереу анықтап, учаскеге жеткізген. Ол жасағанын мойындап, жауапқа тартылуға дайын екенін айтқан.

Қалалық полиция басқармасының басшысы Әсет Қалиев бұзақылыққа барған ер адаммен профилактикалық әңгіме өткізіп, қоғамдық мүлікке зиян келтірудің жауапкершілігін түсіндірді. Қазір іс бойынша процессуалдық шешім қабылдануда.

 

Материал авторы