Ақжарда жұмысшы әйел астық қоймасында қайтыс болды
Әйел 30 метрлік биіктіктен құлағаны айтылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында орналасқан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде 34 жастағы әйел жұмысшы қаза тапты. Оқиға 19 қарашада болған.
Алдын ала дерекке қарағанда, әйел шамамен 30 метр биіктіктен астық сақтайтын қоймаға құлап кеткен. Құтқарушылар оны оқиға орнынан тіршілік белгілері жоқ күйде алып шыққан.
Полиция департаментінің мәліметінше, еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Мамандар трагедияға әкелген нақты себептер мен жағдайларды анықтап жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші