745

Баян Алагөзова 1 миллион доллар қарызы туралы айтты

Алагөзова қарызды ойын сияқты қабылдағанын айтты.

Баян Алагөзова 1 миллион доллар қарызы туралы айтты
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық продюсер Баян Алагөзова “Персонально MuzZone” жобасына берген сұхбатында 1 миллион доллар көлеміндегі қарызды қалай өтегенін айтты.

Продюсердің сөзінше, қомақты қарыз туған кезде ол жағдайды дүрлікпей, сабырмен қабылдауды таңдаған.

Алагөзова өзінің ешқашан міндеттемеден қашпағанын, сондықтан несие берушілермен ашық сөйлесіп, уақыт сұрағанын айтты.

«Банктен бірден миллион доллар алып бере алмайтыным анық. Осыны түсінген соң, өзімді қыспай, адамдарға қолымды созып, «мен ешкімді алдаған емеспін, маған уақыт беріңіздер» дедім» — дейді ол.

Продюсердің айтуынша, қарыз толық екі жыл ішінде өтелген. Осы кезеңде ол күнделікті өмірін қалыпты жалғастырып, қиындыққа шамадан тыс мән бермеуге тырысқан.

«Мазасыз ұйықтадым, өмірдің дәмін сезіндім. Мәселеге жеңіл қарасаң, ол тез шешіледі», — деді Алагөзова.

Оның пайымынша, ашықтық пен ішкі тыныштық қаржылық дағдарысты еңсеруге көмектескен. Қомақты қарызды жабуға жылдам табыс әкелетін дайын жобалардың жоқтығы да кедергі болмаған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор