423

Ақмола облысында Mercedes-Benz көлігінен 24 млн теңге ұрлап кеткен

Қызылордадан келген күдіктілер қолға түсті.

Ақмола облысында Mercedes-Benz көлігінен 24 млн теңге ұрлап кеткен
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында Mercedes-Benz көлігінен 24 млн теңге ұрлаған күдіктілер үш күндік іздеуден кейін қолға түсті.

20 қарашада Аршалы аудандық полициясына жергілікті кәсіпкер көлігінен ақша ұрланғанын хабарлаған. Көліктің ішінде 24 млн теңге болған.

Хабар тіркелген соң полицейлер дереу іздеу шараларын бастаған. Іздеу жұмыстарына облыс пен астананың патрульдік полициясы да жұмылдырылды. Қылмыскерлердің ықтимал маршруттары зерттеліп, олардың жеке басы анықталды, бақылау камераларының жазбалары талданды. Іс облыстық полиция басқармасының қадағалауында болды.

«Қысқа мерзім ішінде оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен олардың мекенжайы анықталды. Үш күндік іздеуден кейін Аршалы ауданында Қызылорда облысының 27 және 29 жастағы екі тұрғыны ұсталды», — деп хабарлады ҚР ІІМ.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауда. Тергеу барысында олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Материал авторы