Петропавлда 70 жастағы әйел несие үшін өзін өртемек болды
Қарызынан қажыған әже өзіне от қоюға тырысты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавлда 70 жастағы әйел банк бөлімшесінде өзін өртемек болып, шу шығарды. Оқиға 26 қарашада жұмыс уақытында болған.
Әйел қолындағы бөтелкедегі сұйықтықты (алдын ала мәлімет бойынша бензин) өзіне шашып, өз-өзін тұтататынын айтқан. Қауіпсіздік қызметі бірден араласып, қауіпті бөтелкені тартып алып, оқиғаны бақылауға алған. Зардап шеккендер жоқ.
Полиция мәліметінше, әйелдің жанжал шығаруына несие мәселесі себеп болған. Ол банктегі қарызын екі есе азайтуды талап еткен. Тағы бір таралған ақпаратқа қарағанда, оның несиесі бойынша едәуір мерзімі өтіп кеткен қарызы болған, ал банк тарапынан қоңыраулар жиілеген.
«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға тексеруден кейін беріледі», — деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Материал авторы