SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте азаматтық некедегі әйелін аяусыз ұрып, жақ сүйегін сындырып жіберген ер адамға сот үкімі шықты. Оқиға 2024 жылдың 1 мамырында болған. Бұл туралы қалалық сот жария етті.
Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы О. жанжал кезінде әйелін бірнеше рет беттен соққан. Салдарынан жәбірленушінің төменгі жақ сүйегі сынған, дәрігерлер жарақатты орташа ауырлықтағы зиян деп бағалаған. Сот тергеуі жиналған айғақтардың бәрі оның кінәсін дәлелдейтінін атап өтті.
Мемлекеттік айыптаушы ер адамды бір жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Жәбірленуші де қамау жазасын қолдап, азаматтық талабын толық қанағаттандыруды өтінген. Айыпталушы өз кінәсін тек жартылай мойындап, ақтауды сұраған.
Сот О.-ны кінәлі деп танып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесіп, азаматтық талапты ішінара қанағаттандырды.
RUS