2580

Елімізде доллар құны арзандап жатыр

Бір ай бұрынғы бағаммен салыстырғанда құлдырау айқын көрінеді.

Елімізде доллар құны арзандап жатыр
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындары шетел валютасының жаңартылған бағамын жариялады. Kurs.kz деректеріне сәйкес, екі қалада да доллар бағасы біршама арзандағанымен, айырмашылық әлі бар.

Алматыдағы айырбастау пунктерінде:

— доллар 513,31 теңгеден сатып алынып, 515,44 теңгеден сатылып жатыр;
— еуро 591,18–598,30 теңге аралығында;
— рубль 6,50–6,62 теңге;
— юань 73,00–75,58 теңге деңгейінде саудалануда.

Астанадағы жағдай өзгеше:

— доллардың сатып алу бағасы 511,53 теңге, сату бағасы 518,47 теңге;
— еуро 591,51–601,40 теңге;
— рубль 6,50–6,60 теңге;
— юань 74,11–78,23 теңге аралығында сатылып жатыр.

1 қарашадағы бағам бұған қарағанда айтарлықтай жоғары болған: Алматыда доллар 530,60–532,85 теңге, Астанада 528,52–534,53 теңге аралығында саудаланған еді.

Материал авторы