Туу куәлігін тіркеу, аты мен тегін өзгерту құжаттары қанша тұрады

13.04.2023, 09:30
460
Туу куәлігін тіркеу, аты мен тегін өзгерту құжаттары қанша тұрады Baq.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері орындайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың бағаларын бекіту туралы» Цифрлық даму министрінің бұйрығы «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Құжатта көрсетілгендей, енді азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жұмыстарына мына бағалар белгіленеді:

1. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу – 8 433 теңге;

2. Қайтыс болған баланы және өмірдің бірінші аптасында қайтыс болған баланы мемлекеттік тіркеу – 8 252 теңге;

3. Бір жасқа толған және одан да көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу (мерзімін өткізіп алған жағдайда) – 8 698 теңге;

4. Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу – 8 603 теңге;

5. Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 525 теңге;

6. Бала асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 337 теңге;

7. Шетел азаматтары асырап алған кезде дербес деректердің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркеу немесе тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 649 теңге;

8. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу – 9 667 теңге;

9. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы, оның ішінде атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге байланысты актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 714 теңге;

10. Өлімді мемлекеттік тіркеу – 8 833 теңге;

11. Өлімді мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу – 9 189 теңге.

Қызметтердің тізімі және олардың құны туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады. Ескеретіні: бұл бағалар – тек 1 құжат үшін.

Бұйырық жобасы 24 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды