Атырауда ауаны ластаған екі кәсіпорында тексеру жүріп жатыр

13.04.2023, 13:06
467
Атырауда ауаны ластаған екі кәсіпорында тексеру жүріп жатыр smartnews.kz

Атырау қаласының ауасын ластаған мұнай өңдеу зауыты мен KPI кәсіпорнында тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Өткен аптада Атырау облысында бірқатар оқиға (экологиялық) болды. Қоршаған ортаның ластану себебінің бірі – Ақжайық табиғаи резерватындағы өрт. Екіншісі – Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апат. Дәл сондай апат «KPI» өндірісінде де тіркелді.

Атыраудың ауасын күкіртсутекпен ластап тұрған негізгі көздер – жұрт «Тухлая Балка» және «Квадрат» деп атап кеткен нысандар. Жел осы нысандарда буланған шығарындыларды қалаға жеткізген. Экология департаменті сынамалар алып, күкіртсутектің нормадан асып кеткенін анықтады», - деді Айдар Абдуалиев.

Айтуынша, материалдар Атырау облысы бойынша сантиариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жолданған.

Ал, Атырау мұнай өңдеу зауытында 8 сәуірден бері тексеру жүріп жатқаны белгілі болды.

«KPI» кәсіпорнындағы жоспардан тыс тексеру кезінде газдың ауада рұқсатсыз өртенгені анықталған. Бұл факті бойынша да тексеру жүріп жатыр.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды