Боран, көктайғақ, тұман: ел аумағында ауа райы күрт нашарлайды

18.12.2025, 09:08
286
Боран, көктайғақ, тұман: ел аумағында ауа райы күрт нашарлайды Bloomberg / Getty Images

18 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 2025 жылғы 18 желтоқсанға арналған бірқатар дауылды ескертулерді жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында көктайғақ, қар, жаяу бұрқасын, тұман және желдің күшеюі болжануда.

Ақтөбе облысында 18 желтоқсанда көктайғақ, сондай-ақ өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Ақтөбе қаласында да жолдар тайғақ болады.

Жетісу облысында Алакөл маңында батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-ке дейінжетуі мүмкін. Өңірдің орталығы мен таулы аудандарында тұман мен көктайғақ болжанып отыр. Талдықорғандатүнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең кей аудандарда тұман түседі.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Өңірдің оңтүстігінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Алматы қаласында және Қонаевта да жолдар тайғақ болады.

Атырау облысында, соның ішінде Атырау қаласында, көктайғақ пен тұман болжанған.

Шығыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындақар, жаяу бұрқасын, тұман және желдің екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.

Түркістан облысының таулы аудандарында түннің бірінші жартысында қатты қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Шымкент пен Түркістан қалаларында тұман күтіледі.

Жамбыл облысында да қар, бұрқасын, тұман мен көктайғақ болжанған. Таулы аймақтарда жел күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды