Қар, бұрқасын, көктайғақ: 19 желтоқсанда ауа райы күрт бұзылады

19.12.2025, 09:08
306
Қар, бұрқасын, көктайғақ: 19 желтоқсанда ауа райы күрт бұзылады rbc.ua / Анна Шиканова

Синоптиктер бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 19 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды. Синоптиктер қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және екпінді желге байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Астанада күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с.

Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар мен бұрқасын күтіледі, кей жерлерде қатты қар жауады. Жел күшейіп, екпіні 20–25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын байқалады. Жел екпіні 15–18 м/с.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде қар, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман түсіп, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында көктайғақ пен тұман болады. Батыс Қазақстанда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.

Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы аудандарында тұман мен көктайғақ сақталады, кей жерлерде қар жауады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды