Каспий теңізінде 5,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісі 57 км тереңдікте болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылғы 23 желтоқсан күні таңғы сағат 9:32-де (Астана уақыты бойынша) Каспий теңізінде жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстандық ұлттық деректер орталығы мәлімдеді.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,3 құрады, энергетикалық класы K=13,1. Сілкініс Туркменстан маңында тіркелген.
VolcanoDiscovery.com сайтының хабарлауынша, эпицентр 57 км тереңдікте орналасқан, жергілікті тұрғындар жер сілкінісін аздап сезген болуы мүмкін.
Эпицентрге ең жақын аймақтар: Туркменстан – 89 км, Әзірбайжан – 120 км, Қазақстан – 132 км. Қазіргі уақытта сілкіністің Қазақстан аумағында нақты сезілгені туралы ақпарат жоқ.
Материал авторы