290

Маңғыстауда оқушы қызды азаптап зорлады деген жасөспірімдерге қылмыстық іс қозғалды

Жасөспірімдерге қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Маңғыстауда оқушы қызды азаптап зорлады деген жасөспірімдерге қылмыстық іс қозғалды
egov.press

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтау қаласында бірнеше жасөспірім 13 жастағы мектеп оқушысын қорлау және зорлау фактісі бойынша айыпталды деп хабарланды. Қазіргі уақытта полиция іс бойынша тергеу жүргізуде.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-тармағы («Кәмелетке толмағандарды зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады ведомство.

Материал авторы