373

Қазақстаннан шыққан үш адам АҚШ-тағы «ең қауіпті қылмыскерлер» тізіміне кірді

Тізімге заңсыз жүрген және ауыр қылмысқа қатысы барлар енгізілген.

Қазақстаннан шыққан үш адам АҚШ-тағы «ең қауіпті қылмыскерлер» тізіміне кірді
dhs.gov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің (DHS) деректер базасында Қазақстаннан шыққан үш адам «ең қауіпті қылмыскерлер» санатына енгізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Аталған тізім — АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) жариялайтын ашық есептердің бір бөлігі. Онда ел аумағында заңсыз жүрген немесе көші-қон талаптарын өрескел бұзған, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар шетел азаматтары қамтылады.

Посткеңестік елдер арасында бұл антирейтингке 27 Украина азаматы, 22 Армения азаматы, 18 Ресей азаматы, сондай-ақ Грузия мен Беларусьтен екі адамнан енген. Қазақстаннан шыққан үш тұлғаның бұл тізімге қосылуы да осы деректер қорында тіркелген.

АҚШ билігінің мәліметінше, тізімдегі адамдардың басым бөлігі — Латын Америкасы елдерінен шыққан азаматтар. Мәселен, тек Мексикадан бірнеше мың адам осы санатқа енгізілген.

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі ұлттық қауіпсіздік, шекараларды қорғау, иммиграциялық бақылау, терроризм мен трансұлттық қылмысқа қарсы күреске жауап береді. Оның құрамындағы ICE қызметі заңсыз мигранттарды анықтау, ұстау және елден шығару, сондай-ақ қоғамға айрықша қауіп төндіретін шетел азаматтарын қадағалау міндетін атқарады.

ICE жариялайтын «ең қауіптілер» тізімі — АҚШ аумағында заңды мәртебесі жоқ немесе көші-қон режимін бұзған, ауыр қылмыстармен байланысы бар тұлғаларға қатысты ресми әрі ашық есеп саналады.

Материал авторы