Боран, көктайғақ, тұман: 12 қаңтарда ауа райы күрт бұзылады

12.01.2026, 09:00
207
Боран, көктайғақ, тұман: 12 қаңтарда ауа райы күрт бұзылады AP Photo

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 12 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды. «Қазгидромет» таратқан дауылды ескертулерге сәйкес, елдің бірнеше өңірінде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, қалың тұман және екпінді жел болжанып отыр.

Жетісу облысында күндіз тұман түсіп, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде қатты жауын-шашын күтіледі, Шымкент пен Түркістан қалаларында жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Ұлытау, Қарағанды, Ақмола облыстарында қар, бұрқасын мен көктайғақ болады, кей жерлерде желдің жылдамдығы 23–25 м/с-қа жетеді.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты қар жауып, боран соғады, жел екпіні 28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында тұман мен көктайғақ күтіледі, жел екпіні 15–25 м/с.

Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Алматы облысында 12–14 қаңтар аралығында таулы және оңтүстік аудандарда тұман сақталады.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ және қатты жел болжанып отыр.

Астанада 12 қаңтарда қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды