Қатты аяз бен екпінді жел: синоптиктер ескерту жасады

14.01.2026, 09:00
176
Қатты аяз бен екпінді жел: синоптиктер ескерту жасады Jose Luis Pelaez Inc/Getty Images

Бүгін Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 13–22 қаңтар аралығында еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескертулер жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар аймақта қар мен жаңбыр, көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде күшті суық толқын жүреді.

Атырау облысында 14 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман және жаяу бұрқасын болжанып отыр. Желдің екпіні солтүстік пен шығыста 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Атырау қаласында да тұман мен көктайғақ күтіледі.

Астана қаласында 14 қаңтарға қараған түні және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында жауын-шашын, көктайғақ, тұман және жаяу бұрқасын күтіледі. Ақтауда желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай облыстарында тұман, жаяу бұрқасын және екпінді жел болжанған. Кей аймақтарда желдің жылдамдығы 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар, бұрқасын, тұманмен қатар ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Семей мен Өскеменде түнгі ауа температурасы 20–23 градус аязға дейін төмендейді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 13–22 қаңтар аралығында суық толқын жүреді. Кей түндері ауа температурасы небәрі −30…−38°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында негізінен тұман, көктайғақ және таулы аймақтарда екпінді жел болжанған.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыз жағдайына дайын болуға, жолға шыққанда ерекше сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды