Қазгидромет: 23 қаңтарда ауа райы күрт нашарлайды

23.01.2026, 09:06
232
Қазгидромет: 23 қаңтарда ауа райы күрт нашарлайды Sputnik / Владислав Воднев

Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 23 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр. «Қазгидромет» РМК дерегінше, бірнеше облыста қар, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болады. Кей өңірлерде жел күшейіп, дауылды ескерту жарияланған.

Жетісу облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты қар жауады. Облыстың шығысы мен орталығында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні солтүстік және шығыс бөліктерде секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Талдықорған қаласында да тұман күтіледі.

Түркістан облысында қар жауып, түнде және таңертең оңтүстігі мен таулы аймақтарында қалың қар түсуі ықтимал. Жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Таулы асуларда желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Шымкент пен Түркістан қалаларында да қар, тұман және көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі және орталығында тұман мен көктайғақ болжанған. Ақтауда түнде және таңертең көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Қарағанды облысының оңтүстігінде желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында қар мен боран күтіледі. Солтүстік бөліктерде тұман түседі. Өскемен, Риддер және Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту сақталады.

Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының таулы және солтүстік аймақтарында қар жауып, кей жерлерде қатты қар, бұрқасын және көктайғақ болуы ықтимал. Жамбыл облысында жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай және Ақмола облыстарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Қызылорда мен Орал қалаларында жол қозғалысы қиындауы мүмкін.

Павлодар қаласында 24 қаңтарға дейін ауаның ластануының бірінші қауіптілік деңгейі сақталады. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды