Теміржолдан жүк ұрлаған 6 адам сотталды

26.01.2026, 12:11
256
Теміржолдан жүк ұрлаған 6 адам сотталды polisia.kz

Қылмыстық топ 212 млн теңгеден астам шығын әкелген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полицейлер теміржол көлігінде жүк ұрлығымен айналысқан топты әшкереледі. Іс бойынша сот үкімі шықты.

Ақпаратқа сәйкес, криминалды полиция департаменті мен Бас транспорт прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жоспарлы жұмыс нәтижесінде теміржол контейнерлерінен халықаралық бағыттағы (ҚХР–Еуропа) жүктері ұрланған топ анықталды.

2025 жылғы сәуірде Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының 6 тұрғыны ұсталды.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылғы тамыздан 2025 жылғы сәуірге дейін топ мүшелері жүйелі түрде контейнерлердегі жүкті ұрлап келген. Алдын ала тергеуде олардың төрт эпизодқа қатысы дәлелденді.

Ұрланған заттар арасында бейнекамералар, балалар арбалары және автокөліктің бөлшектері болды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 212 млн теңгеден астам.

Сот шешімі бойынша барлық материалдық шығын толық өтелді, ал топ мүшелерінің кінәсі толығымен дәлелденді. Әрқайсысына 4 жыл мерзімге еркіндіктен шектеу жазасы тағайындалды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды