Ақтөбеде клиенттердің алтынын ломбардқа өткізген зергер ұсталды

27.01.2026, 10:22
265
Ақтөбеде клиенттердің алтынын ломбардқа өткізген зергер ұсталды t.me/POLICE_of_KZ

Алаяқ зергер қамауға алынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қаласында зергер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол клиенттерге тиесілі алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп отырған деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, Ақтөбедегі орталық базар маңында орналасқан зергерлік шеберханалардың біріне қатысты тұрғындардан полицияға бірнеше шағым түскен. Тексеру барысында зергердің азаматтардан алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасап беруге қабылдағаны анықталған.

Алайда тергеу деректеріне сүйенсек, ол сеніп тапсырылған қымбат бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен қаражатты жеке басының қажетіне жұмсаған.

ІІМ мәліметінше, күдікті кемінде 20 алаяқтық дерегіне қатысы бар. Келтірілген жалпы материалдық шығын 12 миллион теңгеден асады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды