Атырауда 4 тұрғын үй құрылыс кооперативіне тергеу жүріп жатыр

22.04.2023, 13:29
661
Атырауда 4 тұрғын үй құрылыс кооперативіне тергеу жүріп жатыр smartnews.kz

Атырауда 4 тұрғын үй құрылыс кооперативіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхар Оразбаев тұрғындармен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазір алаяқтық қылмысының өршігені байқалады. Осыған орай, тұрғындарға жеке құжаттары мен мәліметтеріне, қаражатына мұқият болу қажеттілігін үнемі ескертіп келеміз. Алайда, тұрғындар алаяқтарға әлі алданып жатыр. Әлеуметтік желіде несие ресімдеуге көмек көрсету ұсынысы арқылы 80-ге жуық адамды алдап, жалпы құны 80 млн теңге залал келтірген. Қарағанды қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды», - деп хабарлады Нұрхат Оразбаев.

Оның айтуынша, үлестік құрылысқа қаражат салу нәтижесінде зардап шеккен жәбірленушілер қатары өскен.

«Департаменттің тергеу басқармасының қызметкерлері «Байсанат», «Қазанат», «Family town» және «Сарайшық» тұрғын үй құрылыс кооперативтеріне қатысты тіркелген істі тергеп жатыр. Бұған 1 млрд теңгеден астам қаражат салған 161 жәбірленушінің арызы себеп болды», - деп мәлім етті Нұрхат Оразбаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын оқу орталығына алданғанатыраулықтар облыс әкіміне шағымданғанын хабарлаған болатынбыз. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің қабылдауына 13 ата-ана шағым айта келді. Олар «МегаМозг» оқу орталығына балаларына қосымша білім беру үшін бір жылдың ақшасын төлеген.

«Барлық жәбірленушінің арызы қабылданды. Тергеу амалдары аяқталды. Орталыққа 145 адам алданған. Күдікті қамауға алынды. Бұл іске қатысты қолжазба және фоноскопиялық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы алынған соң, іс сотқа жолданады. Күдікті төрт әйелге қатысты шешім қабылданады», - деп мәлім еткен еді Атырау қаласының прокуроры Руслан Айтимов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды