303

Райымбек Баталов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Енді кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Президентке Райымбек Баталов кеңес береді.

Райымбек Баталов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
atameken.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Райымбек Баталов Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Райымбек Баталов бұған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы қызметін атқарып, ұйымды 2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейін басқарды.

Райымбек Баталов 1998 жылы Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары ол ірі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларда басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда:

«Риддер Инвест» металлургиялық кешенінің басқарушы директоры;

«Новожамбыл фосфор зауыты» химиялық кешенінің басшысы;

Тобыл элеваторының, Меркі қант зауытының, Шымкент ЖЭО-3-тің басқарушысы;

1992 жылдан бері «Райымбек» сауда компаниясының негізін қалаушы және Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы.

Райымбек Баталов елдегі кәсіпкерлік пен экономикалық саясатты қалыптастыруға белсенді қатысып келеді. Ол әр кезеңде төмендегідей маңызды қоғамдық және сараптамалық құрылымдардың мүшесі болды:

Қазақстан кәсіпкерлері форумының кеңес төрағасы (2002);

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Іскерлік кеңесінің жетекшісі (2005);

ҚР Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі (2007);

ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлік жөніндегі кеңестің мүшесі (2010 жылдан бері);

Еуразиялық экономикалық комиссияның кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитетінің тәуелсіз сарапшысы (2012);

ҚР Президенті жанындағы Жоғары реформалар кеңесінің мүшесі (2022 жылдан бері);

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры директорлар кеңесінің мүшесі;

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі.

Материал авторы