Қар, жаңбыр, бұрқасын: Ел аумағында ауа райы күрт бұзылады

06.02.2026, 09:06
214
Қар, жаңбыр, бұрқасын: Ел аумағында ауа райы күрт бұзылады Charlie Neibergall/AP

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

 SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 6-8 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылып, қар мен жаңбыр, көктайғақ, бұрқасын және дауылды жел күтіледі. Бірқатар өңірде температураның күрт төмендеуі болжанып отыр.

«Қазгидромет» таратқан дауылды ескертулерге сәйкес, 6 ақпанда Астана қаласында кей уақыттарда қатты жауын-шашын, негізінен қар жауып, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында 6 ақпанда жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Қонаев қаласында да жел күшейеді.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында түнгі және күндізгі уақытта жауын-шашын, бұрқасын мен көктайғақ болжанып отыр. Желдің жылдамдығы кей аудандарда 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Қарағанды мен Жезқазған қалаларында да ауа райы қолайсыз болады.

Қызылорда облысында жаңбыр мен қар жауып, түнде бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан және Жамбыл облыстарында 6 ақпанда жел ерекше күшейеді. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда желдің екпіні кей уақытта 30 м/с-тен асады. Кей аумақтарда қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да ауа райы қолайсыз.

Павлодар, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар, жаңбыр, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Бірқатар өңірде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында 7–8 ақпанда ауа температурасы күрт төмендейді. Абай облысында түнгі және күндізгі температура 12–17 градус аязға дейін, ал 8 ақпанда кей аумақтарда 20 градус аязға дейін төмендейді. Шығыс Қазақстан облысында да түнде 18 градусқа дейін аяз күтіледі.

Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ болжанып отыр, ал солтүстік-шығысында түнгі уақытта 20 градусқа дейін қатты аяз болуы мүмкін.

Жетісу облысының Алакөл көлдері маңында және таулы аудандарында желдің екпіні 30 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Талдықорған қаласында 5–6 ақпан күндері тұман мен көктайғақ сақталады.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды ауа райының күрт нашарлауына байланысты алыс жолға шықпауға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады