258

Жаңатастағы жел көпқабатты үйлердің шатырын жұлып әкетті (ВИДЕО)

Тұрғындарға көшеге шықпауды ескертті.

Жаңатастағы жел көпқабатты үйлердің шатырын жұлып әкетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласында 6 ақпанда күшті жел бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті.

Оқиға кезінде тұрғындар мен көліктер үшін қауіп туындағандықтан, қала әкімдігі тұрғындарға көшеге шықпауға және абай болуға шақырды.

Қалалық мектептерде таңертеңгі сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылды.

Әлеуметтік желілерде желдің әсерін көрсететін видеолар жарияланды.

Қалалық және аудандық қызметтер тұрғындарға қауіпсіздікті сақтау шараларын ұсынуда.

Материал авторы