284

Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде айқын жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Ыдырыс Хьюстонда өткен турнирде дебютін жеңіспен бастады.

Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде айқын жеңіске жетті
Cooper Neill/Zuffa LLC

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.

Sports.kz порталы жазғандай, қазақстандық спортшы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен UFC Fight Night 267 турнирінде октагонға шықты.

Жекпе-жек АҚШ-тың Хьюстон, Техас штатында өтті. Идрис аса жеңіл салмақта америкалық файтер Оди Осборнмен кездесіп, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Әліби Ыдырыс кәсіби мансабындағы 11-жеңісін тіркеп, UFC ұйымындағы дебютін сәтті өткізді. Ал қарсыласы мансабындағы оныншы жеңілісін қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін Идрис UFC алаңында бір рет өнер көрсеткен. Алайда ол жекпе-жекте промоушенмен келісімшарт алу ғана сарапқа салынған болатын. Сол кездесуден кейін қазақстандық спортшы UFC-мен төрт жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойған.

Сонымен қатар, бұған дейін қазақстандық файтер Николай Веретенников Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 113 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, алғаш рет UFC-ден бонустық сыйақы алғаны хабарланған еді.

Ал қазақстандық жұлдыз файтер Шавкат Рахмонов екінші операциясына байланысты жаңалықтардан кейін UFC рейтингінен уақытша шығарылды.

Материал авторы