«5 миллион теңге»: Шымкентте дүкендер мен дәмханаларды тонаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Бақандай 10 ұрлыққа қатысы бар күдікті қамауға алынды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарынан жасалған бірқатар ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Otyrar жазды.
Тергеу мәліметінше, күдікті Түркістан облысының тұрғыны болып шыққан. Ол азық-түлік дүкендері мен дәмханаларға заңсыз кіріп, кассадағы ақшаны және ұялы телефондарды ұрлаған.
Полицияның хабарлауынша, қазіргі таңда күдіктінің кемінде 10 ұқсас қылмысқа қатысы бары анықталған. Келтірілген жалпы шығын 5 миллион теңгеден асады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Материал авторы