Билл Гейтс әйелі бола тұра орыс қыздармен көңіл қосқанын мойындады
Билл Гейтс Эпштейнмен байланысы үшін кешірім сұрады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, америкалық миллиардер әрі Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс қызметкерлерден кешірім сұрап, даулы қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысы беделге көлеңке түсіргенін мойындады. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды.
Басылым дерегінше, Гейтс өз қорының қызметкерлері алдында сөз сөйлеп, Эпштейнмен арадағы байланысы үлкен қателік болғанын айтқан. Алайда ол қаржыгердің қылмыстарына еш қатысы жоқ екенін баса көрсеткен.
Сонымен бірге Гейтс некеде тұрған кезінде басқа әйелдермен де кездескенін растады. Оның айтуынша, олардың қатарында Ресей азаматтары да болған.
«Мен заңға қайшы ештеңе жасаған жоқпын. Эпштейнмен уақыт өткізу – өте үлкен қателік болды. Некеде жүріп, өзге адамдармен қарым-қатынаста болдым. Атап айтқанда, ресейлік бридж ойыншысымен және ресейлік ядролық физикпен кездескенмін», – деп келтіреді оның сөзін басылым.
Еске салайық, қаңтардың соңында United States Department of Justice Джеффри Эпштейн ісіне қатысты миллиондаған жаңа құжатты жариялаған.
Ашық деректердің ішінде 2017 жылы жазылған хат та бар. Онда пандемияны модельдеу мәселесі талқыланған. Хат бастапқыда Билл Гейтске жолданып, кейін Эпштейнге қайта жіберілгені көрсетілген.
Сондай-ақ жарияланған жеке хат алмасуларда Билл Гейтстің кейбір жеке байланыстарын жасырмақ болғаны жөнінде мәліметтер кездеседі. Құжаттарда бұл қарым-қатынастардың салдарын жоюға арналған медициналық препараттарды құпия түрде қолдануға тырысқаны туралы деректер де бар.
Материал авторы