«Халық құрметіне лайықсыз»: Тоқаев Михаил Шайдоровтың әкесінің еңбегіне жоғары баға берді
Олимпиада чемпионының әкесі мен алғашқы бапкеріне Мемлекет басшысы алғыс айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі әрі алғашқы бапкері Станислав Шайдоровтың спорттағы және тәрбие жолындағы еңбегіне жоғары баға берді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент Станислав Шайдоровтың Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан бірнеше мәрте чемпион атанғанын, сондай-ақ ұлының мұз айдынындағы алғашқы қадамдарынан бастап ең қиын кезеңдеріне дейін жанынан табылғанын атап өтті.
«Сіз әке ретінде де, алғашқы бапкер ретінде де Михаилдың қалыптасуына зор үлес қостыңыз. Мемлекет басшысы ретінде еліне шын жанашыр, Қазақстан Республикасының туын әлемдік спорт аренасында биікке көтерген ұл тәрбиелегеніңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сұхбаттарыңызды оқып шықтым. Дарынды ұлыңыздың спорттағы миссиясына бір сәт те күмән келтірмей, әкелік борышыңызды абыроймен атқарғаныңызды атап өткім келеді.
Сіздер бірге талай қиындықты еңсеріп, ауыр жолдан өттіңіздер. Бүгін сол табанды еңбектің лайықты жемісін көріп отырсыздар. Сіз жалпы халықтың құрметі мен алғысына әбден лайықсыз. Ел сізге нағыз отаншылдық үшін ризашылық білдіреді. Мен де осы шынайы халықтық алғыс пен құрметке қосыламын», – деді президент.
Сол күні мемлекет басшысы резиденцияда ХХV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты мемлекеттік наградамен марапаттады.
Материал авторы