301

Эпштейн қазақстандық модельдің өліміне қатысты жағдайларды талқылаған

Эпштейн ісінде Қазақстан 400 реттен де көп аталған.

Эпштейн қазақстандық модельдің өліміне қатысты жағдайларды талқылаған
timesca.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңа деректер бойынша, АҚШ-та 2008 жылы Манхэттенде қайтыс болған қазақстандық топ-модель Руслана Коршунованың жағдайы Джефри Эпштейннің ісіне қатысты құжаттарда талқыланған.

Материалдарға сәйкес, Эпштейн өз серіктерімен Коршунованың өміріндегі оқиғаларды талқылап, оның қайтыс болуына ықпал еткен мүмкін себептерді қарастырған.

Руслана Коршунова – Қазақстандық модель, ұзын шашымен «орыс Рапунцель» деп аталған. Оның мансабы 2008 жылы шыңына жетіп, ол батыстық ірі брендтердің жарнамалық науқандарына қатысқан.

2008 жылы жазда, 21 жасқа толуына төрт күн қалғанда, Коршунова Манхэттендегі тоғызыншы қабаттан құлап қаза тапқан. Оның өліміне қатысты әртүрлі болжамдар айтылғанымен, ешкімге айып тағылған жоқ.

Батыс БАҚ жазғандай, 18 жасында Коршунова Эпштейннің «аралына» барған.

Құжаттарда Эпштейннің серігі Рамси Элкхоли Коршунованың атына алғаш рет 2009 жылдың желтоқсанында сілтеме жасаған. Элкхоли хаттарында Коршунованың бұрынғы жігіті мен басқа да қатынастарға қатысты мәліметтер бар. 2010 жылы Эпштейн хатында «Руслананың қайтыс болуына оның бойфрендтері себеп болды» деп жазады.

Февраль айында АҚШ әділет министрлігі Эпштейн ісіне қатысты жаңа құжаттар пакетін жариялап, онда Қазақстан 400-ден астам рет аталады. Құжаттарда Карим Масимовтың аты да кездескен және 2019 жылы Эпштейннің әріптесі Қазақстанда «мемлекеттік қауіпсіздікке жауапты генералмен» кездескені айтылады.

Сонымен қатар, бұрын депутат Рахимжанов Эпштейнмен байланысты қазақстандық бұрынғы шенеуніктердің әрекеттерін тексеруді талап еткен.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор