256

Ақтөбеде «Экогаз» бекеті жарылды

Таңғы уақытта Ақтөбеде газ құю бекеті жарылып, көлік қозғалысы тоқтатылды.

Ақтөбеде «Экогаз» бекеті жарылды
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін таңда Ақтөбе қаласының Кірпішті тұрғын алабында орналасқан «Экогаз» газ құю бекетінде өрт шығып, артынша жойқын жарылыс тіркелді. Оқиғадан кейін аталған бағыттағы жол уақытша жабылды.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт орнына жедел жеткен құтқару бөлімшелері тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде ауыздықтаған.

«Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетіп, өрт сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ТЖД бөлімшелерімен қатар, өртке қарсы қызмет пен ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы жұмылдырылған. Барлығы шамамен 60 қызметкер мен 16 техника тартылды.

Қазіргі таңда жарылыстың нақты неден шыққаны анықталып жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор