240

Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды

Қарашадағы қайғылы оқиғадан кейін бес бала жетім қалды.

Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды
pixabay

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында 2025 жылғы қарашада болған адам өлтіру дерегі бойынша сот ісі аяқталды.

Істі Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап, айыпталушының қайтыс болуына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтатты. Бұл туралы Мой город жазды.

Соттың ресми мәліметіне сәйкес, 20 қараша күні Ақтөбе қаласында ерлі-зайыптылар арасында жол үстінде жанжал шыққан. Сол сәтте ер адам әйеліне қасақана ауыр жарақат салып, оқиға орнында әйел адам қаза болған. Кейін күдікті өз-өзіне қол жұмсаған. Отбасында бес бала қалғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалған. Алайда айыпталушының қайтыс болуына байланысты қорғаушы тарап қылмыстық істі тоқтату жөнінде өтініш берген. Бұл ұстанымды прокурор да қолдаған. Нәтижесінде сот Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабына сәйкес қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарды.

Қазіргі таңда сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы