SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 16 жасар Ангелина Морева мен 18 жасар Михаил Фризоргер 3 наурыздан бері із-түссіз жоғалып кетті.
Ангелинаның әпкесі Threads желісінде әпкесінің жоғалғанын жариялаған. Оның айтуынша, анасы 3 наурыз күні сағат 18:17-де хабарласып, Ангелина жоғалғанын айтқан. Сол күні волонтерлер іздеуге қосылып, жастарға арналған жалпы ориентировка таратқан.
Ангелинаның белгілері: бойы 155 см, арықтау дене бітімі, көздері қоңыр, шашы сұрғылт, киімі – оранж түсті мата қалпақты хаки түсті куртка. Іздеу іс-шаралары үшін байланыс нөмірлері: +7 775 912 66 20, +7 747 917 54 17, +7 771 233 44 40, 102 (Полиция).
Астана қаласы полиция департаменті хабарлағандай, жасөспірімдер колледжге шығып, бірақ үйге оралмаған. Видеокамера жазбалары бойынша олар қаланың бір сауда үйінде байқалған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері, қосымша күштер мен волонтерлер жұмылдырылып, жасөспірімдердің қайда екенін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
RUS