Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

09.03.2026, 09:04
218
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды globallookpress.com

Бүгін елдің бірқатар аймағында боран, көктайғақ және қатты жел күтіледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» синоптиктері 9 наурызға арналған ауа райына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Елдің бірнеше облысында қар, көктайғақ, бұрқасын, тұман және қатты жел күтіледі.

Маңғыстау облысында облыстың батысы, солтүстігі және орталығында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей сәттерде 23–28 м/с-қа жетуі мүмкін. Ақтау қаласында да көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15–20 м/с шамасында болады.

Қостанай облысында шығыс пен оңтүстікте, түнде батыс пен солтүстікте қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың бірнеше бөлігінде тұман күтіледі. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, 15–20 м/с дейін күшейеді. Түнде облыс орталығында ауа температурасы 17–22 градус аязға дейін төмендейді, батыс пен солтүстікте 25 градусқа дейін суытады. Қостанай қаласында түнде 19–21 градус аяз болып, аздап қар мен жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Солтүстік бөлігінде бұрқасын болуы мүмкін. Сонымен қатар солтүстік және орталық аудандарда тұман түседі. Батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, кейде 25 м/с-қа дейін жетеді. Қызылорда қаласында да кей уақыттарда тұман болуы ықтимал.

Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстігі, шығысы және таулы бөліктерінде тұман түседі. Тауда желдің екпіні 15–20 м/с, кей сәттерде 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Тараз қаласында да тұман байқалуы ықтимал.

Абай облысында облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Семейде күннің екінші жартысында көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысында түнде және күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ақтөбе қаласында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде, ал күндіз оңтүстік және батыс аудандарда қар жауып, бұрқасын соғады. Көктайғақ пен тұман күтіледі. Желдің екпіні түнде 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Петропавл қаласында түнде қар, бұрқасын және көктайғақ болады.

Павлодар облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжануда. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде көктайғақ пен жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Түнде желдің екпіні 15–20 м/с шамасында болады. Павлодар қаласында түнде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Кейбір аудандарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында күндіз бұрқасын күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолда және ашық жерде сақ болуға шақырады.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды