Тұман, көктайғақ, боран: елдің көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

13.03.2026, 09:04
210
Тұман, көктайғақ, боран: елдің көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды Sputnik / Виталий Тимкив

Қазақстанда қолайсыз ауа райы күтіледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 наурызға арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қазгидромет Қазақстанның 13 өңірі мен Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін екенін ескертті. Синоптиктер бірқатар аймақта тұман, көктайғақ, қар және қатты жел күтілетінін хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, елордада көктайғақ болады. Таңертең тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде және таңертең секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Кей аймақтарда тұман күтіледі. Желдің екпіні кей жерде 23–28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Қарағанды облысының солтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының батысы мен солтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Күндіз жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде жалғасуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетіп, кей жерде екпіні 23 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар мен бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында қар мен жаңбыр жауып, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысының батысы, оңтүстігі және тау бөктері мен таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы өңірдің солтүстік-шығысында 15–18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, бұрқасын мен көктайғақ болуы ықтимал. Түнде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейуі мүмкін.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман түсуі ықтимал.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды