278

Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Елдің бірнеше өңірінде боран, шаңды дауыл және көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Sputnik/Ертай Сарбасов

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер 16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялап, елдің 13 облысында және Астана қаласында дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

Елдің бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, боран және қатты жел күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі деп болжанып отыр.

Абай облысы аумағында түнде және таңертең қар жауып, төменгі боран соғуы мүмкін. Сонымен қатар көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысы солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Күндіз жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі ықтимал.

Ақмола облысы аумағында да тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Атырау облысы шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Кей өңірлерде шаңды дауыл көтеріліп, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысы солтүстігінде қар, боран және көктайғақ болжанып отыр. Сондай-ақ тұман болуы мүмкін.

Жамбыл облысы оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысы бірқатар бөлігінде тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Қостанай облысы аумағында тұман күтіледі.

Қызылорда облысы солтүстігінде тұман болады. Күндіз жел күшейіп, екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін.

Маңғыстау облысы бірқатар бөлігінде шаңды дауыл болжанып отыр. Желдің екпіні 20–23 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысы кей аудандарында көктайғақ болып, тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында да тұман күтіледі.

Түркістан облысы бірқатар бөлігінде, әсіресе таулы аудандарда тұман түсіп, желдің күшеюі мүмкін.

Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақ болуды ескертіп, жолда абай болуға шақырды.

Материал авторы