17 наурызда Қазақстанның көп бөлігін тұман басады
Астанада тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 17 наурызға арналған ауа райына байланысты Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
Синоптиктердің болжамынша, елдің көптеген аймағында тұман түсіп, кей өңірлерде көктайғақ пен қатты жел күтіледі.
Астанада уақытша тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.
Абай облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Оңтүстігі мен орталығында солтүстік-шығыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейіп, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде де тұман түседі. Жолдарда көктайғақ қаупі бар.
Ақтөбе облысының солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде тұман болады. Шығыс және солтүстік-шығыс бағыттағы желдің екпіні оңтүстікте 15 м/с-қа дейін жетеді.
Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аумағында тұман түседі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарында солтүстік-шығыс желі 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, екпіні 23 м/с-қа жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі. Өңірдің бірнеше бөлігінде тұман түседі.
Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында оңтүстік-шығыс желі 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз екпіні 23–28 м/с-қа жетуі ықтимал.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Оңтүстігінде түнде және таңертең желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарының бірқатар бөлігінде де тұман күтіледі.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыс желі 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Синоптиктер тұрғындарға жолда абай болуды және ауа райының қолайсыздығын ескеруді ескертті.
Материал авторы