267

Тұман, көктайғақ, жел: елдің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қазақстанның 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Тұман, көктайғақ, жел: елдің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі
depositphotos.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 18 наурызға арналған ауа райы болжамы елдің бірқатар өңірінде қолайсыз жағдайлар болатынын көрсетті. «Қазгидромет» мәліметінше, 13 облыста тұман, көктайғақ, қатты жел және кей жерлерде шаңды дауыл мен найзағай күтіледі.

Елордада түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алматыда да дәл осындай жағдай сақталады. Сонымен қатар Іле Алатауының таулы аудандарында да көріну деңгейі төмендейді.

Абай, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарының бірнеше бөлігінде тұман түседі. Кей өңірлерде жолдар тайғақ болады.

Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында да тұманмен қатар көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының таулы аймақтарында желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алакөл маңында да қатты жел болжанып отыр.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында шаңды дауыл болуы ықтимал.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей бөліктерінде тұман сақталады, ал желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел күшейеді. Маңғыстау облысында да түнгі уақытта тұман түседі.

Жалпы, синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақ болуды ескертеді.

Материал авторы