230

Еліміз бойынша дауылды ескерту: ауа райы күрт өзгереді

1 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде тұман, жаңбыр және найзағай күтіледі.

Еліміз бойынша дауылды ескерту: ауа райы күрт өзгереді
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 сәуірге арналған ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің барлық өңірінде дерлік қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. «Қазгидромет» синоптиктері жаңбыр, тұман, найзағай және екпінді желге байланысты дауылды ескерту жариялады.

Астанада түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде де осыған ұқсас жағдай қалыптасады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, күндіз өңірдің батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысында да жаңбыр мен найзағай күтіледі, шығыс бөлігінде жауын-шашын күшейеді. Сонымен қатар тұман түсіп, жел екпіні артады.

Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының бірқатар аумағында түнгі және таңғы уақытта тұман байқалады.

Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ал Солтүстік Қазақстан облысында тұманмен қатар көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы облысының таулы аймақтарында, соның ішінде Іле Алатауы бөктерінде, өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.

Түркістан облысының таулы өңірлерінде де найзағай ойнап, жел күшейеді. Өңірдің батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында күндіз найзағай күтілсе, шығыс бөлігінде өрт қаупі жоғары деңгейде қалады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай, сондай-ақ тұман мен екпінді жел болжанған.

Жетісу облысында Алакөл маңында жел күшейіп, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының бірқатар бөлігінде жаңбыр, найзағай және тұман күтіліп, желдің күшеюі байқалады.

Синоптиктер тұрғындарға сақ болуды ескертіп, жол қозғалысы мен ашық алаңдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес берді.

Материал авторы