Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

03.04.2026, 09:04
162
Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды Getty Images

3 сәуірде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз метеожағдай күтіледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, cиноптиктер 3 сәуір күні Қазақстанның он қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын ескертті. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасаған Kazinform агенттігі хабарлады.

Мамандардың болжамынша, ауа ластануы күшейетін өңірлер қатарында Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы және Астана бар.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман, ауа қабаттарының инверсиясы сияқты факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде зиянды заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып, таралмай қалады.

Соның салдарынан елді мекендерде ауа сапасы күрт төмендеп, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, ластану деңгейіне ең алдымен желдің бағыты мен жылдамдығы, ылғалдылық, жауын-шашын және ауа температурасы әсер етеді.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға сақтық шараларын ұстануды ұсынады. Атап айтқанда, ашық ауада ұзақ болуды шектеу, әсіресе көлік көп жүретін жолдардың маңында серуендемеу маңызды. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ уақыт сыртта болудан бас тартқан жөн.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры немесе аллергиялық аурулары бар адамдар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс. Сондай-ақ, ашық ауадағы физикалық жүктемені азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысу ұсынылады.  

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады