SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Каспий теңізінде сейсмикалық белсенділік бәсеңдер емес. Соңғы бір айға жетпейтін уақыт ішінде бұл аймақта сегізінші жер сілкінісі тіркелді.
Кезекті жер дүмпуі 11 сәуір күні таңертең болған. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясына қарасты Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақытпен 08:47-де тіркелген.
Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 3,3-ті құраған. Ошақ шамамен 32 шақырым тереңдікте орналасқан.
Сейсмологтардың дерегіне сәйкес, эпицентр Каспий теңізінің акваториясында, Ақтау қаласынан шамамен 570 шақырым қашықтықта болған. Мамандар өңірдегі дүмпулердің жиілегенін атап өтіп, жағдайды бақылауда ұстап отыр.
RUS