Қостанай облысында үш криминалдық полицей парамен ұсталды

Азиз Қалижан Редактор
23.04.2026, 10:50
174
Қостанай облысында үш криминалдық полицей парамен ұсталды Sputnik / Абзал Калиев

Кінә дәлелденсе, полицейлерді ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында криминалдық полицияның үш қызметкері пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Рудный қалалық криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкері пара алу фактісі бойынша тергеуге тартылған. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 17 наурызда ҰҚК-нің Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы бірлескен операция өткізген. Нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалған іс аясында үш полицей ұсталған.

Сот санкциясымен күдіктілерге қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған бап параны қорқытып алу жолымен, алдын ала сөз байласқан топпен немесе ірі көлемде әрі бірнеше рет алу әрекеттерін қамтиды. Заң бойынша мұндай қылмыс үшін айыппұл немесе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар мүлікті тәркілеу және өмір бойы белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан айыру санкциялары қолданылады.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр