Астанада қалдықтарды бақылаудың цифрлық жүйесі іске қосылды

28.04.2026, 16:13
3789
Астанада қалдықтарды бақылаудың цифрлық жүйесі іске қосылды Астана әкімдігі

Жасанды интеллект контейнерлерден алынған деректерді тексеріп, жалған есеп беру мүмкіндігін шектеп отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада қалдықтарды шығаруды бақылаудың цифрлық жүйесі алғаш рет енгізілді. Елордада іске қосылған пилоттық жоба кейін бүкіл ел бойынша қалдықтарды басқару саласын жаңғыртудың негізіне айналмақ. Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкастында «Жасыл Даму» АҚ басқарушы директоры Данияр Байғараев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Экология министрлігі мен Астана әкімдігінің бастамасымен Қазақстанда алғаш рет қалдықтарды шығару процесін толық цифрлық бақылауға алатын жүйе іске қосылған.

«Қазақстан тарихында алғаш рет Астанада әрбір контейнер алаңы мен әр контейнер бойынша қалдықтарды күнделікті форматта жоспарлап, бақылап отыратын цифрлық ақпараттық жүйе іске қосылды», – деді Данияр Байғараев.

Ол жүйеге қаладағы барлық контейнер алаңдары мен шамамен 18 мың контейнер енгізілгенін атап өтті. Қалдықтарды шығару процесі фотофиксация арқылы расталады.

«Жүргізуші қоқысты алып кеткен кезде “дейін” және “кейін” фотосын түсіреді. Жүйе жасанды интеллект арқылы бұл деректерді қайта тексеріп, жалған ақпараттың алдын алады. Осылайша біз контейнердің нақты босатылғанын көріп отырамыз», – деді ол.

Маманның айтуынша, бұл пилоттық жоба алдағы уақытта бүкіл ел бойынша қалдықтарды басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға негіз болады. Сонымен қатар жүйе нақты нәтижелер бере бастаған.

«Жүйе енгізілгенге дейін қалдықтарды шығару бойынша шағымдар саны 200-ге дейін жететін. Қазір ол 99 пайызға азайды, аптасына бір-екі ғана шағым тіркеледі», – деді спикер.

Ол цифрландыру жүйедегі әлсіз тұстарды анықтап, процесті ашық әрі өлшенетін етуге мүмкіндік беретінін айтты.

«Цифрлық құралдар – бұл негіз. Мәліметті жүйеге түсірмей, адами факторды азайтпай біз қалдық көлемін нақты есептей алмаймыз және оны бизнеске ұсына алмаймыз», – деді ол.

Байғараевтың айтуынша, цифрлық платформа инвестиция тарту мен қайта өңдеу саласын дамытуда да маңызды рөл атқарады.

«Бизнеске нақты дерек керек: қанша шикізат бар, зауыт ашу қаншалықты тиімді екенін түсінуі қажет. Мұның бәрі цифрлық платформа арқылы қамтамасыз етіледі», – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар жүйе қайта өңдеуші кәсіпорындарға тұрақты шикізат ағынын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Біз кәсіпкер алатын шикізатқа қатысты жауапкершілікті жүйелеуіміз керек. Бұл құралдар қалдық шығарушыларға тасымалдаушылар мен қайта өңдеушілерді табуға көмектеседі, ал бизнес тұрақты жеткізілімге сенім арта алады», – деді Байғараев.

Ол Астанада қалдықтарды бөлек жинау мәдениеті біртіндеп қалыптасып келе жатқанын да атап өтті.

«Бүгінде қалада сары және жасыл контейнерлер арқылы қалдықтар құрғақ және ылғалды болып бөлінеді. Бұрын бұл түсініксіз болса, қазір тұрғындар сұрыптау ережелерін меңгере бастады», – деді ол.

Маманның пікірінше, болашақта экологиялық жауапкершілік қалыпты өмір салтына айналады.

«Қазір бұл инфрақұрылымдық жоба сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бес жылдан кейін қалдықты дұрыс тастамау қалыпты жағдай емес, ұят нәрсе болады», – деп түйіндеді ол.

Сарапшылар Астана тәжірибесін кеңінен енгізу Қазақстандағы қалдықтарды басқару жүйесінің тиімділігін едәуір арттыратынын айтады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады