Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім көлікті басқара алмай жол апатына түсіп, 1 жолаушы көз жұмды

04.05.2023, 17:33
499
Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім көлікті басқара алмай жол апатына түсіп, 1 жолаушы көз жұмды smartnews.kz

Қызылорда облысы Шиелі кентінде 17 жастағы жасөспірім «Тойота» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай апатқа ұшырады.

Оқиға салдарынан 1 жолаушы көз жұмып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға 4 мамырда сағат 02.45 шамасында болған. Қызылорда облысының Шиелі кентінде тұратын 17 жастағы жасөспірім «Тойота» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай жол-көлік оқиғасын жасаған.

«Жол апаты салдарынан 1 жолаушы қөз жұмып, қалған үшеуі (жүргізушімен қоса) жарақат алды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, оның соңы абайсызда адам өліміне әкеп соққаны көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Бұл жөнінде Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова түсініктеме берді.

«Кәмелетке толмаған балалар көлікті рұқсатсыз үйден түн мезгілінде айдап шығып, жол апатына ұшыраған. Жарақат алған балалар ем алуда. Жағдайлары бірқалыпты», - деді бөлім басшысы.

Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады? Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек?