Үш айда интернеттегі алаяқтар тұрғындар мен мемлекетке 79,6 млрд теңге залал келтірді

05.05.2023, 12:50
584
Үш айда интернеттегі алаяқтар тұрғындар мен мемлекетке 79,6 млрд теңге залал келтірді smartnews.kz

Елімізде интернет-алаяқтық қылмыстары жиіледі. Биыл үш айдың қорытындысы бойынша бұл бағытта 10 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.

Ол – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға көп, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Жалпы, алаяқтық қылмыстарының жартысына жуығы интернетте жасалған. Атап айтқанда, 4,7 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Өткен жылға қарағанда бұл – 4,2%-ға көп. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес, «Алаяқтық» бабы бойынша 43,5 мың қылмыс тіркелді. Оның ішінде 20,6 мыңы – интернет-алаяқтық.

Әрбір 5 алаяқтық қылмыстың екеуі еліміздегі қос мегаполисте жасалған – Алматы (І тоқсанда 1 949 оқиға тіркелген) және Астанада (І тоқсанда 1 903 оқиға тіркелген). Сондай-ақ, бұл бағыттағы құқық бұзушылықтар өршіп тұрған өңірлер қатарында Қарағанды облысы (692 оқиға), Шымкент қаласы (640 оқиға) және Алматы облысы (517 оқиға) бар.

Жүргізілген зерттеу қорытындысына сәйкес, респонденттердің 55,8%-ы алаяқтар қуылығын асырмақ болғанын айтқан. Оның ішінде 34,2%-ы телефон алаяқтары болса, 32,7%-ы интернет арқылы жасалған.

Осылайша, биыл І тоқсанында «Алаяқтық» бабы бойынша тіркелген қылмыстардан келген залал 79,6 млрд теңге болды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Жалпы, былтыр жыл басынан соңына дейін келтірілген шығын сомасы – 110,8 млрд теңге.

Сонымен, алаяқтардың қулығына алданған қарапайым тұрғындардың залалы – 30,4 млрд теңге. Ал, келтірілген шығынның 48,8 млрд теңгесі – мемлекетке, 515,7 млн теңгесі – бизнеске тиесілі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды