«3 вилла мен 2 пәтер өздерінде қалатын болды»: мемлекеттік мүлікті өздеріне алуға тырысқан шенеуніктердің жазасы жеңілдетілді

03.08.2024, 11:07
1035
«3 вилла мен 2 пәтер өздерінде қалатын болды»: мемлекеттік мүлікті өздеріне алуға тырысқан шенеуніктердің жазасы жеңілдетілді freepik

Алматы сотында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы орынбасары, әкімнің орынбасары мен қаржы басқармасының бұрынғы бастығының аппелияциялық шағымы қаралды. Олар бұрын мемемлекетке тәркіленген мүлікті иемденгені үшін сотталған. Аппелияциялық сот олардың шағымын қанағаттандырып, жазаларын қысқартып, алған мүліктерін өздеріне қалдырды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Kozachkov offside Telegram арнасы сот әкімнің бұрынғы орынбасары Ілияс Үсеров, қалалық ҰҚКД бұрынғы орынбасары Талғат Мұханов пен қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Айнұр Құдайбергенованың атышулы ісі бойынша апелляциялық шағымын қарағанын жазды. Үшеуі де бұрын мемлекеттік мүлікті сатудағы алаяқтық үшін сотталған. 

“Өткен күзде Медеу аудандық сотында Алматының бұрынғы әкімі, қазір Швейцарияда тұратын оппозиционер Виктор Храпуновтың "Эдельвейс" элиталық шағын ауданында орналасқан жалпы құны 819 миллион теңге тұратын 3 коттедж және 2 пәтері тәркіленген.

Антикордың тергеуі анықтағандай, Храпунов сырттай сотталғаннан кейін оның мүлкі мемлекет меншігіне өтті. Ал қымбат мүлікке ҰҚКД бастығының орынбасары Талғат Мұханов көз салған. Тергеу деректеріне сенсек әкімнің орынбасары Усеров пен қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Айнұр Құдайбергенова Мұхановқа активтерді төмен бағада сатып көмектескен”, – делінген жазбада. 

Деректерге сүйенсек, қантардан кейін Антикор ҰҚК қызметкеріне алаяқтық жасады, ал шенеуніктерге бұл қылмысқа көмектесті деген айып таққан. Өткен жылдың қыркүйегінде Усеров пен Құдайбергенова 5 жыл, ал Мұханов 8 жылға сотталған. Сот залал өтелсе де, іс қозғалған объектілерді тәркілеген.

“Ал осы жылдың ақпан айында іс қалалық сотқа келіп, онда апелляция 5 айға жуық жүргзілді. Нәтижесінде Мұхановқа лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін, ал Усеров пен Құдайбергеновке - оған жәрдемдескені үшін жаза қайта қаралды. Мерзімдері де өзгеріп, 8 - ден 6 жылға дейін, ал шенеуніктерге 5-тен 4жылға дейін төмендеді. 

Тағы бір маңызды мәселе 3 вилла мен 2 пәтерді мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім жойылды. Яғни, жылжымайтын мүлік иелерінде қалатын болды. Үкім заңды күшіне енді”, – делінген жазбада. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады