Шымкентте 18 құрылыс компаниясы жазаға тартылды

10.05.2023, 17:19
584
Шымкентте 18 құрылыс компаниясы жазаға тартылды pixabay

Шымкентте жылжымайтын мүлікті дәйектеме құжаттарынсыз сатуға әрекеттенген құрылыс компаниялары жазаға тартылды.

2021-2022 жылы «krisha.kz» сайтында жарияланған хабарламаларға сараптама жүргізу барысында 18 құрылыс компаниясының үлескерлерден заңсыз ақша алғаны белгілі болды.

Олар жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз тұрғын үй кешендерін өз беттерінше салып, пәтерлерді қалауынша саудалауға әрекет жасаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Мұнан бөлек, 2023 жылы тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүргізу барысында үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзған 4 тұрғын үй кешеніне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды.

Сот шешімдері негізінде оларға 1 мың 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті ықпал ету актілері енгізіліп, 18 мердігерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әрбір мердігерге 300 айлық есептік көрсеткіш айппұл салынды, - деді Нұржан Төребаев, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі. 

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды